Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы марқұм ұлы Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирге қатысты
Осыдан бір апта бұрын Монакодағы танымал актриса Шэрон Стоун ұйымдастырған өткен кештің қонағы болған Дариға Назарбаева бүгін Алматыға келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш қызы марқұм ұлы Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнирге қатысты.
«Дариға Назарбаева ел алдына шықты. Ол Алматыда Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған футболдан балалар турниріне қатысып жатыр», – деп жазды журналист Сырым Итқұлов.
Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Сондықтан турнир биыл туған күніне орай ұйымдастырылды. AR Cup деп аталатын жарысқа балалар командалары қатысады. биыл Ресейдің Мәскеуден келген «Спартак» командасы чемпион атанды.
Айсұлтан Рахат марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның екінші ұлы. Айсұлтан 2020 жылдың 16 тамызына қараған түні Лондонда қайтыс болды. Дариға Назарбаева былтыр Астанада өткен турнирге де келген еді.