Алматы облысында аудан әкімі ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 361) және «билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 362) баптары бойынша айыпталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген Антикор хабарламасында.

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.