«100% гарантия – Дәулет Мұқаевпын»: алаяқтар депутаттың жеке куәлігін көрсетіп, елді алдап жүр

Qaz365.kz редакциясы

Дәулет Мұқаевт мұның бәрі алаяқтар екенін ескертеді

Фото: parlam.kz

Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіге жалған жеке куәлігінің суретін жариялап, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біздің елде экономикаға қарағанда САНАСЫЗДЫҚ, АЛАЯҚТЫҚ өсуде! Алаяқтар фотошоппен жеке куәлігімді жасап алып, елдерге осылай хат жіберіп жатыр екен. Жеке куәлікке біз бұлай фотоға түспейміз!!! АЛДАНБАҢЫЗДАР!!! МЕН ЕШТЕҢЕ ОЙНАТЫП ЖАТҚАНЫМ ЖОҚ!!!» - дейді депутат.

Депутаттың атынан сөйлейтіндер мынадай сөздерді таратады екен.

«Жеке куәлігім сенімділік үшін, осы номермен ұтыс таратамын өзім, басқа ешкімге сенбеңіз. 100% гарантия – Даулет Мукаев».

«Қалайсыз , атым даулет мені танитын шығарсыз , недегенмен менің байқауыма қатысқан екенсіз сол үшін сізге, қуанышты жаналығым бар! Мен жасаған байқауға номер қалдырыпсыз , Алланың қалауымен 950 мың теңге ұтып алдыңыз , барлығы рас өзім жауап беремін ( Даулет Мукаев - 100%)».

«Тек осы официальный номер, алаяққа алданбаңыз қазір іс шара жүргізіп жатырмыз атымды жамылғандарды тексеріп! Мен өзіммін және қаласаңыз жеке куәлік жіберемін сенімділік ретінде. Ұтысты 7.500 теңге төлеп ала аласыз Банк шарты, 950 мың теңгенің лимитын жою үшін төлейсіз бұл міндетті түрде! Мен төлемеймін , ұтысты алмаймын десеңіз бірден - Отказ сөзін жазыңыз».

«7500 дайын болса “ КОМИССИЯ СЧЕТЫ “ - сөзін жазыңыз. Ұтыс дайын сіз төлемді жасағаннан кейін бірден өзіңізге саламын - 100%».

«Түк уайымдасаңыз болады, депутатпын және Аллахтын атымен ант етемін».

Дәулет Мұқаев мұның бәрі алаяқтар екенін ескертеді.

«Алладан қорықпайтындарға, Алла жазасын берсін», – деп жазады ол.