Соңғы 10 жылда уақыт белдеуіне көшу мәселесін талқыланып келеді
Жақында бір топ Мәжіліс депутаты бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты мәлімдеме жасаған еді. Әсіресе, «Шығыс Қазақстанда таң 02.30-да атады» деген депутаттардың айтқан ұсынысын Үкімет қарастыратын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Жалпы соңғы 10 жылда уақыт белдеуіне көшу мәселесін талқылап келеміз. Бұл мәселеде мамандар мен сарапшылардың үлкен тобы жұмыс істеп жатыр. Осылайша, былтыр бір белдеуге көшеміз деп шештік. Қазір депутаттық корпус бұл мәселені көтеріп отыр. Олар өз ұсыныстарын береді, соны қарастыратын шығармыз», – деді бүгін Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.
Ол Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқанына жыл да толған жоқ, сондықтан әзірге денсаулық сақтау саласы мен энергия тұтыну саласында ешқандай мәселе туындамаған деп отыр.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Шығыс Қазақстан облысын UTC+6 сағаттық белдеуін қайтару керек» деп өз ұсыныстарын айтқан.