Тоқаев Ұлттық ұланның бас қолбасшысын ауыстырды

Qaz365.kz редакциясы

Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы ауысты

Фото: ашық дереккөздерден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент Ұлттық ұланның бұған дейінгі Бас қолбасшысы Еркін Ботақановты қызметінен босатты.

«Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.