«Таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз»: Қанат Бозымбаев журналиске кеңес берді

Qaz365.kz редакциясы

Ол сауалға тіке жауап бермеді

Фото: Үкімет

Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз брифингінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев сұрақ қойған тілшіге өсек тыңдамауға кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сізге тақырыптан тыс сұрақ қоюға рұқсат етіңіз: жалпы сіздің бұған дейін премьер-министр болуыңыз мүмкін екені айтылған. Бұл болжам жөнінде өзіңіз не ойлайсыз?» - деген еді тілшілердің бірі.

Бірақ Қанат Бозымбаев сауалға тіке жауап бермей, өз кеңесін айтты.

«Мен сізге бір кеңес берейін: таңертең төсектен тұрғанда өсектерді тыңдамаңыз», – деді Қанат Бозымбаев