Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Qaz365.kz редакциясы

Президент жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы жұмысын сапарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.

«Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады», - деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүріпжатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысқан.