Балалардың өз-өзіне қол жұмсауы: Бас прокурор шұғыл шара қабылданатынын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Асылов қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын айтты

Фото: Бас прокуратура

Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтінін бас прокурор Берік Асылов «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді»,  – деп жазды ол.

Сондай-ақ, Асылов қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын айтты.

«Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз», – деп жазды Асылов.