Бүгін елде республикалық референдум өтуде
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан учаскеге келіп, референдумға дауыс берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев бюллетенді жәшікке салып болған соң, журналистермен амандасып, қазақстандықтарға бақыт тіледі. Қасында баспасөз хатшысы Айдос Үкібай болды.
«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар»,- деп экс-президент кетіп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін республикалық референдум өтуде. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.