Қаралы хабарды саясаткердің қасында жүрген кәсіпкер жеткізді
Белгілі қоғам қайраткері, Мәжілістің бұрынғы депутаты Төлен Тоқтасынов дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қаралы хабарды саясаткердің қасында жүрген кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жазды.
«Кеше түнде жан досым Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасын, ауыр дертпен жарты жыл арпалысып жеңе алмай, ақыры мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Бақұл бол Төке, сені жақсы танитын жақындарыңның, халқыңның жадысында арын жоғары ұстаған, жасампаз АЗАМАТ ретінде есінде мәңгілік қаласың! Сүйегін туған қаласы Семейге апарып, анасының қасына қоямыз деп шештік...», - делінген жазбада.
Төлен Тоқтасынов көзі тірісінде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылтайшыларының бірі болды. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттығына сайланған.