АЭС салу бойынша референдум: алдын ала қорытынды жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

ОСК алдын ала нәтиже жариялады

Midjourney

Орталық референдум комиссиясы 6 қазан күні өткен АЭС салу мәселесі жөніндегі республикалық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Референдумда барлығы 7 820 204 азамат немесе 63,66 пайызы дауыс берген.

ОРК есебінше, елімізде АЭС құрылысын дауыс бергендердің 71,12 пайызы немесе 5 561 937 азамат қолдаған. Ал 2 045 271 қазақстандық атом электр стансасын салуға қарсы болған. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 130 267.