АЭС салуға қанша адам қарсы дауыс берді?

Qaz365.kz редакциясы

Кеше елде АЭС салу бойынша рефередум өтті

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімет берді.

Қазақстанда АЭС салу туралы қойылған мәселеге қарсы дауыс берген азаматтардың саны дауыс беруге қатысқандардың ішінен 2 миллион 245 мың 271-ді құрайды. Жауаптардың екі нұсқасын да таңдаған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдердің саны 82729 бюллетеньді құрады. Белгіленген үлгідегі дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны 130267 құрады, - деді.