Ол осы мәселедегі тәуекелдер туралы айтты
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жасанды интеллектің адамзатқа тигізер қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Адамзаттың алдында тұрған және көптеген пікірталастар тудыратын тағы бір өзекті мәселе-нейрон желілер мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы. Бүгінде цифрлық технологиялар прогресс үшін кең мүмкіндіктер ашады, бірақ сонымен қатар жаңа сын-тегеуріндерге ие", - деді Әшімбаев.
Сенат төрағасы жаңа мүмкіндіктер деструктив бағытта пайдаланылған жағдайда туындайтын үлкен тәуекелдер туралы айтты.
"Сарапшылардың пікірінше, ақпараттық саладағы басты қауіптердің бірі әдейі жалған ақпарат пен фейктердің таралуы болып отыр. Осы мақсаттарға жасанды интеллект ресурстары да тартылуы мүмкін. Бұл этникалық, діни және әлеуметтік топтар арасындағы түрлі қақтығыстарға алып келуі мүмкін", - деді Әшімбаев.