АЭС салу бойынша референдум: дауыс беру қорытындысы жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Орталық референдум комиссиясы еліміздегі референдумды өтті деп растады

Фото: ашық дереккөзден

Орталық референдум комиссиясының отырысында Нұрлан Әбдіров референдум қорытындылары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орталық референдум комиссиясы еліміздегі референдумды өтті деп растады.

«Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.    Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады», – дейді Әбдіров.

Осылайша, референдум өтті деп саналады және ол оң шешімге ие болды.