«Депутат емес күнімді сағынамын»: Ринат Зайытов еркіндікті аңсап жүргенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол ешқандай қысым жоқ екенін жеткізді

Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов айтыскер ақын кездегі еркін күндерін аңсайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Депутат емес күнімді сағынамын. Айтыскер ақын кездегі еркіндікті сағынамын. Елдің ішінде емін-еркін жүріп тұрғанды, сол халықтың өнерпазға деген риязсыз махаббатын кім қаламайды? Ешқандай қысым көріп жатқан жоқпын. Тікелей мемлекеттің жұмысына жауапты адам болғандықтан барлығы мойынымызда. Біреу Талғардағы оқиғаны неге қозғамайсың дейді. Күндіз қағаздан бас көтере алмайсың, ал кешкісін, кейде түнде, тіпті таңда өзіме және келіншегіме хабарласып, арызын айтатын ағайын бар. Содан кейін қандай еркіндік болсын», – дейді Ринат Зайытов.

Ол ешқандай қысым жоқ, мемлекеттік қызметкер болған соң жауапкершілік жоғары екенін жеткізді.