Қасым-Жомарт Тоқаев Түркменстанға ресми сапармен барды

Nur-Altay Umirzak

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді

Aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік педамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.