Қазақстан АЭС-ті қарызға салуы мүмкін

Nur-Altay Umirzak

АЭС салатын компания төлемді кейінге қалдыра алады

nenadzor.ru

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов сенат кулуарында Қазақстанда АЭС-ті қарызға салуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, құрылыс бөліп төлеу арқылы жүзеге асуы да мүмкін.

«Әзірге кімнің, қай елдің салатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Тиісінше қаржыландыру қалай жүретіні де анықталмады. АЭС құрылысын қаржыландырудың бір жолы ретінде бөліп төлеу қарастырылып жатқанын білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге қалдыра алады. Тиісінше қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір біз оны дәл айта алмаймыз, өйткені кімнің салатыны туралы нақты түсінік жоқ»,- деді Арман Қасенов.

Еске сала кетейік 6 қазан Қазақстанда АЭС салу бойынша Референдум өтіп, оны халықтың 71,12% дауыс жинаған.