300 мың теңге жалақы ұсынсаң, олар 800 мың теңге сұрайды
Жұмыс істеуден бас тартқандар үшін жазаны күшейту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет сағатында депутаттардың сұрағына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Біліктілігі жоқ адамдарға 300 мың теңге жалақы ұсынғанда, олар 800 мың теңге сұрайды. Мұны тәрбие және идеологиялық жұмыстан бөлек, заңнамалық тұрғыдан да реттеу керек», – деді министр.
Өз сөзінде министр ерте жастан еңбекке баулыған Қытай балаларын мысал етті.