Бұған дейін күн суыған кезде Қарағанды облысының Саран қаласында жылу жүйесінен ақау шыққан еді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу жүйесінің ақауына жол бергендер жазасыз қалмайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бірінші кезекте бұл Саран қаласының жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы. Менің тапсырмам бойынша тексеріс жүріп жатыр. Жылу беретін нысанының дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардың бәрі жауапкершілікке тартылады. Осы отырыстан соң Энергетика министрі Саран қаласына барып, бәрін өзі тексереді. Нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыстың құрамы бар болатын болса, кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, бұған дейін күн суыған кезде Қарағанды облысының Саран қаласында жылу жүйесінен ақау шыққан еді.