Тоқаев "Astana Think Tank" форумында Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді

Nur-Altay Umirzak

Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық - Қасым-Жомарт Тоқаев

Akorda.kz

Мемлекет басшысы жиында Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде де пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

“Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз”, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Иранмен ядролық қару мәселесінде мәмілеге келуге, Сирия бойынша келіссөз жүргізуге, сонымен қатар жақында ғана Армения мен Әзербайжан арасындағы кездесуге арнайы алаң ұсынғанын еске салды.