Банкнотада Брикс ұйымына мүше және оған қатысушы елдердің туы бейнеленген
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның туы бар жаңа "БРИКС купюрасын" көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Саммит барысында Путин банкнотаны саммитке қатысушы елдердің өкілдеріне күлімдей таныстырып шықты.
Сурет: “купюра Брикс”/ brics-russia2024.ru
Банкнотада Брикс ұйымына мүше және оған қатысушы елдердің туы бейнеленген. Одан өзге әр елдің атауы өз тілдерінде жазылған.
Бір ескерерлігі латын қарпіне ауысып жатқан Қазақстанның атауын кирил қаріптерімен жазып қойған.