Қырғызстанда мемлекеттік әнұран қайта жазылатын болды

Nur-Altay Umirzak

Бұған дейін Қырғызстан өзінің Мемлекеттік туын өзгерткен

Сурет: fishki.net

Қырғызстанда мемлекеттік әнұран қайта жазылатын болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Қырғызстанның мемлекеттік әнұранын қайта жазу жоспары туралы Парламент спикері Нұрланбек Шәкиев мәлімдеді. Бұл бастаманы қырғыз басшысы Садыр Жапаров қолдады.

“Біз мемлекет ретінде толығымен қалыптастық. Әлемге танылдық. 100 жыл өтсе де, қалай тәуелсіздікке жеткенімізді жырлай береміз бе? Неге біз халқымыздың бес мың жылдық тарихы бар екенін болашақ ұрпаққа арнап әнұран жазбаймыз? Әрине, қазіргі әнұран да ұмытылмайды. Ол тарихта республикамыздың тұңғыш әнұраны ретінде қалады», - деді қырғыз басшысы.

Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын Қырғызстан тәуелсіздік алған кезде жазылған. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік әнұраны 1992 жылғы 18 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан өзінің Мемлекеттік туын өзгерткен болатын.