9 трлн теңге: Смайылов Ұлттық ұланға аудит жүргізіліп жатқанын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Оның сөзінше, 9 трлн теңгеден астам қаражат қамтылған

Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов қандай органдарға және ұлттық компанияларға аудит жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Смайылов Мәжіліс кулуарында тоғыз айдың қорытындысы бойынша 18 аудиторлық іс-шара аяқталғанын айтты. Оның сөзінше, 9 трлн теңгеден астам қаражат қамтылған. Осы жұмыстың аясында 640 млрд теңге сомасында заңнама талаптарын заң бұзудың түрлі дерегі анықталған. Соның ішінде активтерді және қаражатты тиімсіз пайдалануға қатысты 318 млрд теңге есептелген. Қаржы саласындағы заңнама талаптарын бұзу тұрғысында  133 млрд теңге және тиімсіз жоспарлау бойынша 187 млрд теңге анықталған. Осы жұмыстардың нәтижесінде 115 млрд теңге республикалық бюджетке өтелген. «Былтыр осы көрсеткіш тек 5 млрд теңгені құраған еді» дейді Смайылов. Оның сөзінше, биыл мемлекеттік аудит жұмысының тиімділігі едәуір көтерілген. 30 жеке адам мен 16 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, ал 173 адам тәртіптік жазаға тартылған. 

«12 материал құқық қорғау органдарына жолданды. Жылдың соңына дейін бірқатар аудиторлық жұмыс жалғасады. Оның арасында ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидияның тиімділігі тексереледі. Бұдан бөлек, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың тиімділігіне аудит жасалып отыр. Ұлттық ұлан мен оған бағынысты ұйымдардың жұмысына да аудит жүргізіліп жатыр», - деді Смайылов.

Ол сонымен бірге «ҚазМұнайГаз» және «Бәйтерекке» қатысты аудит жалғасып жатқанын айтты. Бұл жұмысты келер жылдың бірінші тоқсанында аяқталып, Парламент қарауына ұсынылмақ.
Кез келген салмақты құжатты қабылдауға қалай болғанда да белгілі бір мөлшерде қаражат бөлінеді. Ол қаражат ғылыми, сарапшылар ортасынан адамдарды тартып, тиімділікті арттыруға бағытталады. Сол себепті әр жағдайды жеке қарау керек.