Абай облысында салымшылар қаржы пирамидасына үйін жарна ретінде қойған

Nur-Altay Umirzak

Олар  жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен

Сурет: Yevgeniy Sambulov/Getty Images

 Абай облысында 790 млн теңге қаржы заңсыз жинаған «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“ҚМА Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен. Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған. Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.