Зейнетақы мен шәкіртақы қайдан төленеді?

Qaz365.kz редакциясы
Freepik

Бұл туралы «Бес тиын» подкастында макроталдаушы Аягөз Ханет айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі зейнеткерлерге қаражат Ұлттық қордан берілетінін білесіз бе? Бұл 2022 жылдан бері нақты белгіленген. Ұлттық қордан қаражат екі жолмен бөлінеді. Кепілді трансферт және мақсатты трансферт.  Зейнетақы, шәкіртақы, кепілді трансферт арқылы беріледі. Бұдан бөлек «Отбасы банкке» ақша құйып, соның үстіне жыл сайын сыйақы беріліп отырады ғой, ол да Ұлттық қордан алынады», – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, Ұлттық қор республикалық бюджете құйылып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы экономикаға жіберіледі. 

«Сіз оның тікелей әсерін көрмейсіз, бірақ жанама әсері, мысалы, жолдардың салынып жатқаны өте үлкен ірі инфрақұрылымдық жобалардың барлығы осы Ұлттық қордан алынған қаржы арқылы іске асады. Демек, бүкіл Қазақстан халқы оның негізі нығметін көріп жатыр деуге болады», – деп түйіндеді ол ойын.