Түркістан қаласы республикалық қаржылық сауаттылық диктантында І орын иеленді

Qaz365.kz редакциясы
Qaz365.kz

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған республикалық FIN IQ қаржылық сауаттылық диктантында Түркістан қаласы үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімдігі қаржылық қауіпсіздік саласындағы белсенді жұмысы мен жоғары деңгейде ұйымдастырған шаралары үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Әкімдік қызметкерлері қала тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, экономикалық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және алаяқтықтың алдын алу бағытында тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бүгінде Түркістанда сала мамандарының қатысуымен қаржылық қауіпсіздік бойынша ақпараттық және профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде жалғасуда.