Серік Ибрагимов екі аптаның ішінде миллиардер атанды

Qaz365.kz редакциясы

18 күн ішінде 1 миллиард 44 миллион теңге табыс тапты

Видеодан кадр

Жақында үлкен экранға жол тартқан «Zamanback» фильмі екі апта ішінде 1 миллиард касса жинаған. Бұл жайлы фильмнің продюсері Серік Ибрагимов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.   

«Сүйінші! Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен ZamanBack фильмі рекордқа қадам басты. Біз сіздерді құттықтаймыз! Бұл халықтық фильм! Екінші толқын басталды», - деп жазды Серік Ибрагимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары продюсерге ізгі тілектерін жазған.

Дистрибьюторлардың айтуынша, Серік Ибрагимов түсірген комедия отандық кинотеатрларда 18 күн ішінде 1 миллиард 44 миллион теңге табыс тапса, оның 46 пайызы, яғни 480 миллион теңгесі Kinopark және Kinoplexx желілерінің кинотеатрларынан түскен.