«Сіз уәде еттіңіз»: Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенмен тікелей эфирде сөзге келіп қалды

Qaz365.kz редакциясы

Әнші мен тележүргізуші арасындағы кикілжің

Викдокадр

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова тікелей эфирде қойылған орынсыз сұрағы үшін тележүргізуші Дина Төлепбергенмен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Instagram желісіндегі видеода бағдарламаның анонсы жарияланып, онда Мөлдір Әуелбекованың Дина Төлепбергенге келісілмеген сұрақты қойғанына ренішін білдірді.

«Ел білетін, бастысы сен білетін шындықты неге айтпасқа? Бұл басқаларға өнеге болуы мүмкін» - деп сұрайды Дина Төлепберген.

Тележүргізушінің бұл әрекетіне Мөлдір Әуелбекова ренішін жеткізді.

«Дина ханым, біз келістік қой, бағдарламаға келетін кезде осы сұрақты қоймаймыз дедік. Сіз маған уәде еттіңіз ғой. Мына жерде қаншама көрермен отыр, осы сұрақты не үшін қойып отырсыз. Жеке сөйлестік қой. Болды, қажет емес. Өшіріңіздер болды. Мен жауап бермеймін», - деп Мөлдір Әуелбекова кеудесіне ілінген микрофонды алып тастайды.