«Бәрін жасыруға тырысты». Сейфуллин Жолбарыстың екінші әйелі ажырасуының себебін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол қайта қосылуға талай тырысқанын да жасырмады

Фото: instagram.com/s_zholbarys_official

Сейфуллин Жолбарыстың бұрынғы әйелі Екатерина Вайт тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған жұп 2 жыл бұрын ресми түрде ажырасқан. Алайда олар бағдарламаларға ерлі-зайыпты ретінде келіп, сұхбат беріп жүрді.

Біз ажырасқаннан кейін мен бөлек кеттім. Қыздарыммен бөлек тұрдым. Ол қайта қосылуға талай тырысты. Қасыма келеді, мен кешіріп, қасыма кіргізіп алған кездер болды. Мен қайта қосылып кететін шығармыз деп ойладым. Бұлар сол аралықта түсірілген сұхбаттар. Ол ешкімге айтпай-ақ қояйық деді, - дейді Екатерина Вайт. 

Ол бөлек кетуіне қыздары түркі болғанын жасырмады.

Бөлек шығуыма қыздарым түрткі болды. Олар менің қандай күйзелісте екенімді көрді. Көз жасымды, бүкіл ауыртпашылықты ең бірінші сол қыздарым көрді. Олар «анашым, кетейікші» деп айта бастағаннан кейін мен ойлана бастадым. Бұл қыздарыма да ауыр тиіп жатыр деген сөз. Қыздарым ондайды көрмеуі керек. Қыздарым әкесімен кездесіп тұрады, - дейді әншінің экс-әйелі.

Дегенмен Екатерина ажырасуына не түрткі болғанын жасырып қалды.

Ажырасуымыздың себебін айтпаймын. Сейфуллинге ешқандай ренішім жоқ және оған ешқандай кінә тақпаймын, - деді Екатерина.