Қанша гонорар алатынымызды құжатқа қол қойғанда ғана білдік – «Меломен» тобы

Qaz365.kz редакциясы

Топтың ән айтып жүргеніне 15 жыл толған

Фото: ашық дереккөзден

«Меломен» тобы Алматыдан Астанаға көшеді. Бұл жайлы олар «Оян» бағдарламасына келген кезде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жігер Ауыпбаев кеткеннен кейін квартет триоға айналған. Жалпы топтың ән айтып жүргеніне 15 жыл толған. 2025 жылы топ бүкіл Қазақстанды араламақ.

Сондай-ақ, «Меломен» тобының жігіттері гонорары туралы айтты.

«Бізде әрқалай. Шыны керек, әншілер халықтың көңілін көтеріп, жүрегіне жұбаныш сыйлау үшін өнерін көрсетеді. Мақпал апамыз мысалы кейбір тойларға тегін барады екен. Міне, нағыз өнер адамы осындай болуы керек. Біз де халықтың ішінде әртүрлі алаңдарды білеміз. Қай жерде гонорар жүретінін. Кейбір ыңғайы келмей жатқан ағайындарға қалтасын көтерерлік ыңғайға барамыз. Ең көп гонорар он бес жылдың ішінде 10 млн теңге болды. Бірақ оны білмей қалдық. Құжатқа қол қойып тұрғанда білдік...» - деді Ролан Қазретов.

10 млн теңгені «Меломен» тобы алғаш ән айта бастаған кезде алған. Әсіресе, Қазақстанның батысынан, Астанадан көп шақырту алған. Әлемдік компаниялардың әншілердің сөзінше қаражатты аямайды. 

«Бірақ біз отандық компанияларды қолдап, жобаларына атсалысамыз. Кеше Нұрлан Қоянбаевтың киносына бардық. Сол кинодағы көп әсерді сезіп, бастан өткеріппіз», - дейді әншілер.