Танымал жайдарманшы, актер Жахан Отарғалиев шаңырақ көтермек, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды. «Бұл — жаңа өмірдің бастамасы!» деп жазды ол.
Желі қолданушылары өз тілектерін жазған. Биыл 40 жасқа толатын актерге бақыт тілеп жатыр.
«Бақытты болыңдар, қайырлы берекелі неке болсын, көбейе беріңдер», «Алла берекесін берсін», «Ең бастысы бақытты болып балалы болып шулап улап жүре беріңдер», «Алла қайырлы неке етсін, иманды салиқалы ұрпақ тәрбиелей беріңіздер», - деп желі қолданушылары тілектерін жаудырып жатыр.
Ол бұрынғы сұхбаттарының бірінде «Баласы бар келіншекке үйленуге» дайын екенін айтқан еді.