«Ақтөбеде босанды»: Кәмшат Жолдыбаева ана атанды

Qaz365.kz редакциясы
Фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Танымал әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваның ана атанғанына қатысты ақпарат тарады. Бұл туралы танымал тележүргізуші Анна Данченко жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын! - деп жазды Анна Данченко Instagram аккуантындағы stories-та.

Ал Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы әзірге сүйінші жаңалыққа қатысты желі парақшаларында ешқандай жазба жарияламаған.

«Кешью» тобының бұрынғы мүшесі актер Ғазрет Қажымұқанұлымен отау құрғаннан кейін өнерден алыстып, психологияға бет бұрған еді. 

«Бөпеңіздің бауы берік болсын!», «Мен де естідім, біздің Ақтөбеде турып жатыр, енесімен, аяғы ауыр деп. Босанған шығар», «Босанды, қазір қырқынан шықты», — деп жазды желі қолданушылары.