Отандық актриса Айжұлдыз Адайбековаға сырға салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жанар Айжанова жалғыз қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекованың «сырға салу» рәсімін өткізіп, үйінде құдаларды күтті. Өміріндегі ерекше сәттің видеоларын Айжұлдыздың өзі желідегі парақшасына жүктеген.
Бір жастықта қартайыңдар, үбірлі-шүбірлі болыңдар, ұстасқан қолдарын ажырамасын, бақытты болыңдар, -деді ол.
Айта кетейік, Айжұлдыздың күйеу жігіті блогер, саяхатшы-Сәкен Қағаров. Осыдан бірер күн бұрын Адайбекова құрбыларымен қоштасу кешін де жасаған болатын. Екеуі бір апта бұрын заңды некеге тұрғанын да мәлімдеді.