«Мақтаншақсың»: аяғы ауыр Ерке Есмахан өзін сынайтындарға жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Ал оқырманы өнер иесіне қолдау білдірген. 

instagram.com/erke_esmahan

40 жастағы қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялап, өзін мақтанғанды жақсы көреді деп сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Үшінші баласына жүкті Ерке пижамалық стильде киім киіп, образын қымбат әшекейлермен толықтырған. Қолына қара сөмке ұстап, күннен қорғайтын көзілдірік киген.

Маған «мақтаншақсың» деп жазып жатасыздар ғой. Ондайым бар, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім – бәрі бір мақтаншақтыққа жататын шығар. Бірақ ол менің күнделікті, жай ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылыққа мені лайықты көрген Аллаға сансыз шүкір, - деп жазды өнер иесі.

Әншінің оқырмандары оған қолдау білдіріп, өз-өзіңді бағалаудың өте маңызды екенін алға тартқан.

«Сізді отбасымызбен жақсы көреміз. Бәрімізге сіз сияқты бәріне жеңіл қарайтын, көркем мінез жұғысты болсыншы! Маған бұйырмаса да, қыздарыма осылай сұлу болып өмір сүру бұйырсын!», «Ең алдымен адам өз-өзін жақсы көруі керек», «Сіздің арқаңызда өзімізді бағалауды үйреніп жүрміз», - деп жазған көпшілік.