Мақпал Исабекова былтыр дүниеге келген қызын көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Сәби әлі жасына толмаған. 

instagram.com/makosyai

41 жастағы қазақстандық әнші, «Ноябрь» хитінің орындаушысы Макпал Исабекова әлеуметтік желіде ұлы Теодор мен қызы Илаяның суреттерін көрсетті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Мақпал балалардың суретін сторисінде жариялады – онда екі бүлдіршіннің диванда қатар отырғанын көруге болады. Теодор ашық түсті киім мен панама кисе, ал Илаяға ашық түсті жейде мен леггинс кигізген.

Балаларым, – деп жазды Мақпал.

Тағы бір суретте өнер иесі былтыр жазда дүниеге келген Илаяны қолында ұстап, мейіріммен қарап тұр.

Айта кетейік, Мақпал жасына толмаған қызының түрін көпшілікке көрсеткен жоқ. Ол екі суретте де қызының жүзін смайликпен жауып қойған.