Мұхамеджан Тазабеков қызын ұзатты

Qaz365.kz редакциясы

Той дүркіреп өткен. 

instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабеков қызы Фатиманы ұзатты. Ақын бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Келін алып, қыз ұзату сіздерге де бұйырсын, жақындарым! - деп жазған Мұхамеджан Тазабеков Instagram-дағы парақшасында.

Өнер иесі құдалықтан және ұзатудың өзінен бірнеше видео жариялады.

Сонымен қатар ол қыздың болашақ жарына, ата-енесіне, жақындары мен екі жасқа арналған ең маңызды 40 кеңес қамтылған кітап жазғанын алға тартты.

Ал ұзату тойын танымал театр және кино актері, «Шаншар» театрының әртісі Дәурен Әбиев жүргізген. Ал ақынның қызын ортаға әнші Салтанат Бақаева алып шықса, Тамара Асар ұзатқан.

Көпшілік жас жұпқа ақ тілегін жеткізіп, бақыт тілеп жатыр.