Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды

Nur-Altay Umirzak

Ресей құқық қорғау органдары әзілкешке 5000 рубль (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салған

Сурет: the-steppe.com

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу Шереметьево әуежайында қамауға алынды. Бірнеше ірі ресейлік БАҚ хабарлауынша, қазақстандық комик көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінген. Атап айтқанда, ол Ресейде көші-қон есебіне тұру мерзімін сақтамаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресей құқық қорғау органдары әзілкешке 5000 рубль (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Сабыров белгіленген мерзімде Ресейден шығып, кейін заңды түрде қайта кіре алады. Бұл ретте оған елге қайта кіруге тыйым салынған жоқ.

Әзірге Нұрлан Сабыров пен оның менеджері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Айта кетейік, Нұрлан Сабыров Ресейде аса танымал әзілкештердің бірі саналады. Ол бірнеше ірі әзілкештік жобаларға қатысып, жеке стендап-шоуларымен танылған.