Танымал трансгендер, тиктокер Никонет (niko_nett) Instagram желісінде өзінің бұрынғы қарым-қатынасы туралы жазып, сүйіктісінің министр болғанын алғаш рет мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz .
Менің бұрынғы сүйіктім министр болған. Осы күнге дейін ол туралы ешкімге тіс жармадым. Ол үйленбеген. Мен де отбасылы еркектермен байланыспаймын. Алты ай бойы мен үшін барын салды. Миллиондап ақша жіберіп, гүлдер мен сыйлықтар берді. Бәрі ертегіге ұқсады. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, - дейді Никонет.
Блогердің жазуынша, аталған адам оған жарты жыл бойы ерекше ықылас танытып, қымбат сыйлықтар мен гүлдер беріп, қаржылай қолдау көрсеткен. Дегенмен, ол сезімге жауап бере алмағанын айтты.
Жоқ, ол үйленген емес еді. Мен принципиалды түрде үйленгендермен байланыспаймын. Алты ай бойы ол мен үшін барын салды – миллиондап ақша, гүлдер, сыйлықтар… Бәрі ертегіге ұқсады. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Никонет бұл жағдайдан кейін көпшілікке ашық айта берілмейтін шындықпен бөлісті. Оның айтуынша, билігі бар кей адамдар өздерінің ішкі қараңғылығын жасыру үшін маска киеді.
Мен енді батылдық танытып, көпшілік айтпайтын шындықты жеткізгім келеді: Адамда билік көп болса, ол соғұрлым ішкі қараңғылығын жасыруға тырысады, – деді ол.