Күйеуі қайтыс болған танымал актрисаға сырға салынды

Qaz365.kz редакциясы

Кейбірі оның өмірден өткен күйеуіне арнап фильм түсіріп жатқанын болжаған. 

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде отандық актриса Әлия Ануарбекке сырға салынған сәттің видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, кейінгі кезде әншілігімен көзге түсіп жүрген продюсер Мөлдір Мұқанованың актриса Әлия Ануарбекке сырға салып жатқанын көруге болады.

Сүйінші, ағайын! Әлия Әнуарбек Торғай елінің келіні атанбақ. Сырғамыз салтанатты, құдалығымыз құтты болсын, – дейді Мөлдір Мұқанова.

Көпшілік актрисаны екінші рет тұрмысқа шығып жатыр деп болжады. Кейбірі марқұм жолдасына арнап кино түсіріп жатыр деген пікір айтты.

Еске сала кетейік, актриса Әлия Әнуарбек ­– Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясы, «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы көрерменге танылған актриса.  

Көп уақыт үзілістен кейін үлкен киноға оралып, «Бақыт құшағында» мюзиклында басты рольді сомдап жатыр.