Майғазиевтің баласының тойын көруге 7 мың адам 1380 теңгеден төлеген. Ләйлә Сұлтанқызы ашығын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Журналист креативті идея деп қарауға болатынын жеткізді

The Эфир бағдарламасынан скрин

Тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн режимде ақылы өткізгенін қолдап, желіде пікір айтты,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сәкеннің баласының тойына келдім. Онлайн тойға байланысты түрлі пікір айтылып жатыр ғой. Осыдан бірнеше жыл бұрын менің ұлым америкалық Трэвис Скоттың концертін тамашалау үшін онлайн тіркелген еді. Сондай-ақ Егор Кридтің қатысуымен бір онлайн ойынды тамашалау үшін ақылы тіркелген. Сәкен қазақтың біртуар азаматы. Қоғамға қосып жүрген еңбектерін білем. Бір ғана мысал - біздің қорымызға қаншама рет көмектесті. Қуанышты бөліссең, көбейеді. Сұраныс болса, заң мен адам құқығы бұзылмаса, салық төленсе, бұған креативті идея деп қарауға болады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Мәселен, ұрда-жық, талас, ойын, стримді де сатып алып көретін заманнанбыз, - дейді тележурналист.

Ләйла Сұлтанқызының пікірінше, Сәкеннің тойын сынап жатқандар да бар. Оның себебі – тойдың тұңғыш рет онлайн көрсетілуі. Ол концертке Алла Пугачева сынды әншілер келетін болса, халық ойланбастан билет алатынын да атап өтті.

Сондай-ақ желіде Сәкен Майғазиев бұл идеяның авторы досы, белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың идеясы екенін айтты.

Қазақ халқы бұл тойды көру керек. Сәкеш қаншама адам көруге ниеттеніп жатыр. Бұл жалғыз бізде емес, әлемдік тәжірибеде бар дүние. Тіпті кейбір адамдардың тікелей эфирдегі сұхбаттары сатылады. Неге сенің тойыңды күллі қазақ тойламасқа деп Мейрамбек ұсыныс тастады,- дейді әнші.

Айта кетейік, жалпы каналға қосылғандардың саны 115,225 адам, ал онлайн көрсетілімге тіркелгендердің саны 7мыңға жеткен. Каналда кеш барысында жас жұбайлармен сұхбат, құдалармен танысу, беташардан репортаж, заңды неке қию рәсімі және тағы басқа эксклюзивті материалдар болатыны жазылған.