Бүгін Алматыда «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның көпшілік асыға күткен үйлену тойып өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тойға 800-ден астам қонақ шақырылған. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастап жастарға бата берді. Облыс, қала әкімдері құттықтау жолдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі Арман Қырықбаев, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов, бизнесмен Бахаридин Аблазимовтар шақырылған. Ал Тұңғышбай Жаманқұлов, Ұлықбек Есдәулет, Мұхамеджан Тазабек сияқты елге белгілі азаматтар той төрінде отыр.
Тойды ұйымдастырушы - ұйымдастырушы – белгілі продюссер Жан Мұқановтың агенттігі. Тікелей эфирді журналист Анна Данченко мен асаба Әзімбек Байлин жүргізіп жатыр. Тікелей эфирде 7000-нан астам отыр. Тіркелу құны – 1380 теңге