Той Алматы қаласындағы Grand Ballroom залында өткен
Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы күтпеген жерден табысты коммерциялық жобаға айналды. Әдеттегі «тойға шақырудың» орнына – жазылым арқылы қатысу ұсынылған. Ұйымдастырушылар арнайы Telegram-бот іске қосып, 1380 теңге төлегендер жабық арнаға қосылып, салтанатты шараны онлайн тамашалай алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Той Алматы қаласындағы Grand Ballroom залында өтті. Қызыл кілем жолын асаба Азимбек Байлин мен тележүргізуші Анна Данченко жүргізді. Ведущийлердің айтуынша, тойға 800 қонақ келсе, онлайн көрермендердің саны әлдеқайда көп болған.
Жабық арнаға 8823 адам жазылып, әрқайсысы қатысу үшін ақы төлеген. Нәтижесінде жазылымдардан жиналған жалпы сома 12 175 740 теңгені құрады.
Тікелей эфир барысында қонақтармен, қалыңдық пен күйеубаламен сұхбаттардан бөлек, Сәкен Майғазиевтің қатысуымен алдын ала түсірілген бейнежазбалар да көрсетілді. Мұндай формат әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті: біреулер оны «отбасылық қуаныштың монетизациясы» десе, енді біреулер қазақстандық шоу-бизнестің жаңа кезеңі деп бағалады.
Қалай болғанда да, әншінің ақылы той форматы – қаржылай да, ақпараттық тұрғыдан да үлкен оқиға болды.