Бірінші әйелі әншіні зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған.
«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы сүйіктесімен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бейтаныс арумен бірге түскен видеосын жариялап, бұл жұрт арасында түрлі пікірлер тудырды.
Айта кетейік, бұған дейін Ғабит Бибасыұлының бірінші әйелі Нұрила Ақберенмен ажырасқаны белгілі. Сол кезде ол тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айыптауларға іліккен болатын.
Өнер иесінің өзі былай деп жазба қалдырды.
Артық сөз жазбай, тыныш отырамыз, достар.
Соған қарамастан, әлеуметтік желі қолданушылары оның бұрынғы отбасылық өміріне қатысты пікірлер білдіріп, үш баласы мен алимент тақырыбына байланысты сұрақтар қойып жатыр. Жаңа қарым-қатынасына қатысты да түрлі пікірлер айтылды – кейбірі әншіні қолдаса, енді бірі сынға алды.
«Әйел ұрады деген орденің бар екенін біле ме?», «Әйелге бір қол көтерген еркек тағы көтереді», - деп жазды оқырман.