Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызы Сезімнің мектеп бітіру кешіне қатысқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қызым маған жүгіріп келіп, құшағыма ене кетіп, қатты қысып «Анашым! Рақмет!» дегенде тамағыма өксік келді де тығылды. Тілімді жұтып қойғандай үнсіз ғана құшақтап, кешірім сұрауымды тоқтатпадым. Іштей тілеуімді тілеп көзімнің жасын тыя алмадым. Баланы аман-есен дүниеге әкелу, ешкімге өкпесіз өсіру, ерінбей дамыту, зейінін ашу, ауыспалы кезеңде сабырмен үнсіз тыңдау, сенім арту, жылағанда жұбату, сүрінгенде қолдау, жетістігіне қуану, сұрағына толыққанды жауап беру, махаббатың мен мейіріміңді аямай беру, сөйлесуге уақыт бөлу арқылы гана балаңнан күтпеген, сұрамаған жерден жемісіңнің дәмін сезу ғажап СЕЗІМ екен. Сол эмоцияны кеше басымнан өткіздім де, өзіме риза болдым. Жаратқанға сансыз шүкір! «11 жыл қалайша қас-қағым сәтте өте шыққан?! Қай кезде бойжетіп үлгердің? Қашан есейіп кеткенсің?» деген ішкі сұрақтарды өзіме қойдым. Бәлкім, өзім де бірге қатар есейген шығармын?! Бұл кеш тағы бір белеске шығуға мүмкіндік берді, – деп жазды актриса.
Бірақ көпшілікті қызықтырғаны Қайрат Нұртастың болмаушы. Тағы да әкесі қызының қуанышынан тыс қалған.
Қайрат – халықтың адамы. Ол жүрген жерде біз тек фон болып жүреміз. Бұл кеш – біздің қызымыздың сәті, - деді Жұлдыз.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас екеуінің Алау, Сезім деген қыздары және Нарұл мен Хан атты ұлдары бар. Ел арасында ажырасып кетті дейтін пікір жиі айтылады. Жұлдыз қазір Астанада, Қайрат Нұртас Алматыда тұрады.