«Тосынсый». Мадина Сәдуақасова 20 жыл бұрынғы жігітпен қайта кездесті

Qaz365.kz редакциясы

Қазақтың сүйікті әншісі Мадина Сәдуақасованың «Сүйген жүрек»  әнін халық көпке дейін ұмытпай жүрді. Оның клипін елдер сәтті шыққан деп, Мадинаның аппақ күшігі бертінге дейін ел аузынан түспегені белгілі. Арада бұл клипке 20 жыл өткен тосынсый болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Клипке түскен жігіт 20 жылдан кейін әншімен кездесіп, оған тосынсый жасады. 

20 жылдан «Сүйген жүректің» клипына түскен жігітті бір шарада кездестірдім. 20 жыл бойы клиптегі күшік пен осы жігітті бәрі сұрап келді. Шалқар есімді жігіт режиссер Рашид Сүлейменовтың группаласы. Отбасымен таныстым бүгін. Мен үшін өте жағымды тосынсый болды. Кім қатты өзгерді 20 жылда? – деп жазды әнші.