Ол жас әншімен дуэт айтқан
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова жас әнші Амантай Әбенмен дуэт жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мұқанова «Арамызда қалсын бәрі» атты әнін көпшілік назарына ұсынды. Қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Арамызда қалсын бәрі… Бұл өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі. Оқырманым, қолдау деген үлкен шабыт. Тілектес болу – нағыз өнердің өсуіне жол ашар алтын көпір. Әдемілікті бірге көріп, бірге сезейік. Өнерге жүрекпен қарайық! – деп жазды ол.
Мөлдірдің оқырманы туындының жарық көруімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп жатыр.