Әншінің әкесі 65 жасқа толған.
Әнші және тележүргізуші Аша Матай әкесінің 65 жасқа толуына орай ерекше тосынсый жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі туған күніне арналған мерекелік іс-шарадан мүлде бейхабар болған. Аша бұл қуанышты сәттің видеосын Instagram желісінде бөлісті.
Әкеміздің 65 жас мерейтойына арнап ұмытылмас кеш ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл күн ерекше болсын деп, оның достарын, сынып және курс жолдастарын, туыстарын, жақындарын түгел шақырдық. Әкем бұл туралы ештеңе білмеді, келген сәтте шын жүректен таңғалып, қатты қуанды. Бірлесіп өткізген мерекеміз өте әсерлі өтті, – деді Аша.
Туған күн иесі мерекелік залға кірген сәтте оны 170 қонақ ду қол шапалақпен қарсы алған.
Аша Матай бұл кештің отбасы үшін жылдар бойы естен кетпес ерекше сәтке айналғанын атап өтті.