Тоқтар Серіковтың ұлы «Алтын белгі» иегері атанды

Qaz365.kz редакциясы

Ерекше сәттің видеосын әншінің өзі жариялады. 

instagram.com/toktar_beibit

Танымал отандық әнші Тоқтар Серіковтың тұңғышы мектеп бітірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесінің ұлы Беколжас мектепті үздік тәмамдап, «Алтын белгі» иегері атанды.

Әнші ұлына «Алтын белгі» табысталып жатқан сәттен видео жариялады.

Аллаға шүкір! Тұңғышымыз «Алтын белгі» атанды! - деп жазды ол.

Желі қолданушылары да өнер иесін құттықтап, түлекке ізгі тілектерін жаудырған.

«Жақсы әкенің сөзі балаға 40 жыл азық», «Алар асуы биік болсын», «Жолы ашық болсын», «Керемет, құтты болсын», «Өз балам алғандай қуанып отырмын, алар асулары көп болсын», «Әкесі қандай керемет адам, әкесінің тәрбиесі ғой», - деп жазды көпшілік.