Ол «Замандас» подкастында КВН ойынын жақсы көретінін айтты.
Белгілі әзілкеш, қазіргі кезде кинопродюсер болып жүрген Нұрлан Қоянбаев соңғы кездері КВН сахнасына шықпай жүруінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол «Замандас» подкастында КВН ойынын жақсы көретінін айтты.
«Нұрлан дәл қазір КВН ойнайсың ба?» деп сұраса да баратын едім. Тек көрші ел басқа елмен соғысып жатқан соң, жоламай кеттім, - дейді Нұрлан Қоянбаев.
Ол Ресейде КВН ойнап жүрген тұста, 2006 жылдары Мәскеуге қалуға ұсыныс болғанын айтты.
Біздің сол тұста Мәскеуде қалып кетуімізге болар еді. Ұсыныс та жасалды. Қомақты қаржы табар едік. Аудитория үлкен. Алайда біз елге қайтуды жөн көрдік. Ресейде орыс тілінде КВН ойнағанымызбен, Қазақстан тек қазақ тілді жобалар жасадым. «Шатақхана», «Түнгі студия», «Намыс Дода», , «Қызық радиосы» сияқты бағдарламамыз болды, - дейді әзілкеш.
Нұрлан Қоянбаев 1979 жылы 19 шілдеде Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1996 жылы жергілікті орта мектепті үздік бітіріп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетіне оқуға түсті. Университетті 2000 жылы бітірген.