«Жаңа адаммен жаңа өмір». Аяғы ауыр Жұлдыз жақын адамы опасыздық жасағанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасымен оқырмандарын елең еткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір» деген жазбамен бөліскен видеосы желіде түрлі пікірге ұласты.

Ол алдымен басынан өткен сынаққа сынып кетпей, ақыры дегеніне жетіп, баспаналы болғанын сүйіншілеп, қолдау білдіргені үшін оқырмандарына алғыс айтты.

Бір жыл бойы қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынаққа сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей, күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым куә болдыңыз! Мені колдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын! – деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Ол өз сөзінде «жаңа өмір» бастауына жанкүйерлердің тілеулестігі себеп болғанын ерекше атап өткен